Шымкентте алданған бала алаяқ әйелді полицияға ұстап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте алданған бала  алаяқ әйелді полицияға  ұстап берді

Шымкентте алданған бала алаяқ әйелді полицияға ұстап берді

Шымкентте балалардың сеніміне кіріп пәтер тонап жүрген келіншек ұсталды. 24 жастағы алаяқ ересектері жоқ үйлерге бүлдіршіндерді алдап кіріп, алтын және тағы басқа бағалы заттарын алып кетіп отырған.

  • 10 Маусым 2015
  • 220
Фото - Caravan.kz

Алданған балалардың бірі полиция бөлімшесінде 3  әйелдің ортасынан алаяқты жазбай таныды. Жеткіншектің сеніміне кіріп, пәтерге кірген ол құны 42 мың теңгелік алтын шынжырмен 8 мыңдық күміс сырғаны үптеп кеткен екен. Жалпы, бұрын да істі болған келіншек жыл басынан бері бірнеше үйден бір жарым миллион теңгенің затын тонап үлгерген. Еш жерде жұмыс істемей алаяқтықпен күнелтуді әдет қылған ол енді тағы бірнеше жылын темір тордың аржағында өткізетін болды.