Жарияланды: 500

Шымкентте апатты жағдайда қонған ұшақ Қазақстанның әуекомпаниясына тиесілі

Шымкент. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 20 қыркүйекте апатты жағдайда қонған ұшақ Қазақстанның әуекомпаниясына тиесілі. Бұл туралы агетнтік тілшісіне "Шымкент" әуежайынан хабарлады.

"Бұл - Қазақстанның ұшағы. Компанияның атауы ғана шетел тілінде", -дейді әуежайдағылар. Бұған дейін БАҚ хабарламаларында ұшақ Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты деп айтылған болатын. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, ұшақ сәтті қонды. "Қазір ол Шымкент әуежайында тұр. Арнаулы комиссия құрылып, болған оқиғаның себептерін тексеруге кіріседі", - деп хабарлайды әуежайдағылар. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкент әуежайына 20 қыркүйекте сағат 15.17-де авиамай ағуға және 4 қозғалтқыштың бірі істен шығуға байланысты "Ист Винг РК" әуекомпаниясына қарасты, борт нөмірі UP AN-209 болып табылатын, Фуджейра (БАӘ) - Шымкент бағытында жолға шыққан АН-12 ұшағы апатты жағдайда қонды. Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 7 жолаушы болған. Апаттық қону сәтті жүзеге асырылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть