Шымкентте ақша үшін күйеуін өлтірген келіншек ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ақша үшін күйеуін өлтірген келіншек ұзақ мерзімге сотталды

Шымкентте ақша үшін күйеуін өлтірген келіншек ұзақ мерзімге сотталды

Шымкентте белгілі бизнесмен Рашид Жұмановтың өліміне қатысты атышулы іске соңғы нүкте қойылды. Кәсіпкерді өлтірді деп айыпталған марқұмның әйелін сот 10 жылға бас бостандығынан айырды.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 378
Фото - Caravan.kz


Шымкенттегі автобазардың қожайыны Рашид Жұманов 2010 жылдың сәуірінде қайтыс болған. Оның аяқ асты көз жұмғанынан сезіктенген полицейлер іс қозғап, жұбайы Әлия Жұманованы басты күдікті ретінде қамауға алған болатын. Әйелі бизнесті қолына алу үшін күйеуіне қастандық жасап 1 ай бойы оның сусынына улы препараттар қосып отырыпты. Қазір бір шаңырақтың шайқалуына түрткі болған автобазар жабылып тынды. Ал сауда орнына таласқан әйел енді 10 жылын түрмеде өткізеді.