Ақпарат көзінің нақтылауынша, ұсталған бұрын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінде істеген және ол ұсталардан біраз уақыт бұрын жұмыстан шығарылған.
Прокуратурадағылар педофилдің ұсталу дерегін растады. «Әзірге тергеу күдіктінің жеті жасар екі қыз балаға қатысты педофилдік әрекеттері жөніндегі мәліметтерге ие болып отыр», — деді Шымкенттің Әл-Фараби аудандық прокуроры Нұрлан Әбдіраманов. Оның айтуынша, көп қабатты үйде тұратын 30 жастағы күдікті көршілердің балаларын үйдің жертөлесіне шақырып алып әрекет етіп келген.
«Бұл біздің облыста бұрын -соңды сирек болған қылмыс, іс жүзінде бұрын мұндай дерек тіркелмеген», — деді прокурор.