Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сотталған медицина қызметкерлерінің адвокаттары сотта апеллияцияны жариялауды аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сотталған медицина қызметкерлерінің адвокаттары сотта апеллияцияны жариялауды аяқтады

Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сотталған медицина қызметкерлерінің адвокаттары сотта апеллияцияны жариялауды аяқтады

ШЫМКЕНТ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының алқасында балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сотталған медицина қызметкерлерінің адвокаттары апеллияцияны жариялауды кеше аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Тамыз 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

Апеллияция берген он бес сотталғандардың адвокаттарының барлығы үкімнің дәлелсіз шығарылғандығын атап өтті. «Бір де бір дәлел сотталғандардың кінәларын дәлелдеу үшін даусыз бола алмайды»,- деп атап өтті адвокат Мұсатай Бектасов.

Адвокаттар үкімде әрбір сотталушының әрекеттері жазылып көрсетілмегендігін атап өтті.

Барлық апеллияциялар тыңдалғаннан кейін сот төрағасы Әділ Керімшиев алқа отырысының ертең түстен кейін, яғни, бүгін жалғасатындағын мәлім етті. Прокурорлардың баяндамаларын тыңдау ғана қалды, одан кейін алқа мүшелері кеңес бөлмесіне кетеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті