Шымкентте бірқатар біліктілік талаптарын бұзған колледждің жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бірқатар біліктілік талаптарын бұзған колледждің жұмысы тоқтатылды

Шымкентте бірқатар біліктілік талаптарын бұзған колледждің жұмысы тоқтатылды

 Шымкентте біліктілік талаптарын бұзғаны үшін колледждің жұмысы тоқтатылды.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 392
Фото - Caravan.kz

Облыстың прокуратураның мәліметінше, «Майлыкент» жекеменшік колледжінде біліктілік талаптары өрескел бұзылған. Атап айтсақ, жоғарғы және бірінші санаттағы мұғалімдердің жетіспеуі, Интернетке қосылған компьтерлік сыныптарының толық жабдықталмауы, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, оқу полигондарының жетіспеуі. Колледждің тіпті өз ғимараты жоқ, ол біреуден жалға алып отыр.

Осындай бұзушылықтары үшін колледжге 50 МЕК көлемінде, яғни 86550 теңге айыппұл салынды. Лицензиясының қызметі 6 айға тоқтатылды. Осы уақытта жоғарыда айтылған қателер түзетілмесе, колледждің лизенциясы сот арқылы қайтарылады.