Шымкентте денелеріне жарақат келтірген деген айып тағылған тұтқындарға қатысты сот процессі тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте денелеріне жарақат келтірген деген айып тағылған тұтқындарға қатысты сот процессі тоқтатылды

Шымкентте денелеріне жарақат келтірген деген айып тағылған тұтқындарға қатысты сот процессі тоқтатылды

Шымкент. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Кеше денелеріне жарақат келтірген деген айып тағылған ИЧ-167/3 колониясы тұтқындарына қатысты сот процессі тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шымкенттің Абай ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі Айқымбек Бектүреев хабарлады.

  • 19 Наурыз 2008
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Бұл қылмыстық іс ҚР қылмыстық процессуалды кодекстегі 37 баптың 1 бөлімінің «2» тармағына сәйкес қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды «, — деді А. Бектүреев.

А. Бектүреевтің айтуынша, сот процесі барлық 83 тұтқынға қатысты тоқтатылды. Олардың 79 өздеріне дене жарақатын келтірді деген айып тағылса, төртеуіне полиция қызметкерлерін соққыға жықты деген айып тағылды. «Сот процесі кезінде төртеуіне қатысты айып расталмады, сондықтан оларға қатысты қылмыстық іс те тоқтатылды «, — деп түсіндірді прокурордың аға көмекшісі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қаңтардың аяғында ИЧ 167/3 колониясында бүлікті ұйымдастырған деген айыппен 83 тұтқынға қатысты сот процесі өтті. Сот алдында жауап берушілерге ҚР Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4 және 1-тармақтары бойынша айып тағылды.

ИЧ-167/3 колониясында тәртіпсіздіктер 2007 жылдың 19 — 20 мамыр айында орын алды. Сол кезде жаппай дене жарақаттары жасалған деректер тіркелген болатын. Ресми мәліметтер бойынша 77 адам өздерін жарақаттаған. Колонияда тәртіп орнату үшін ОМОН бөлімшесі жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті