Жарияланды: 480

Шымкентте газ құбырында апат болды

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ құбырында апат болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шымкент қаласының Турланская экспедиция ауылында 18 қыркүйекте сағат 12.20-да орта қысымды жер асты құбырынан газ шығып жатқаны анықталған. Газ шығу тиекті жабу арқылы тоқтатылды. 47 көп қабатты үй мен 160 жай үй газсыз қалды. Апаттан қалпына келтіру жұмыстары сағат 18 00 -де аяқталды. Барлық көп қабатты үйлер мен жай үйлер секторындағы 154 абонентке газ жіберілді. Қалған 6 үйді қосу үшін жер асты газ құбырын салу қажет. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін