Шымкентте кәсіпкерлер әлеуметтік жәрдемақы алып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кәсіпкерлер әлеуметтік жәрдемақы алып келген

Шымкентте кәсіпкерлер әлеуметтік жәрдемақы алып келген

Шымкентте табысты кәсіпкерлер заңсыз түрде әлеуметтік жәрдемақы алып келген, деп хабарлайды қаланың Еңбекші ауданының прокуратурасы.

  • 7 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдан бері 51 отбасы қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен тұрғын үй жәрдемақысын алып келген. Алайда бұл адамдарды аз қамсыздандырылған деп атауға аузың бармайды», — деп мәлім етті прокурордың көмекшісі Бақыт Жұбаев сейсенбі күні.

Оның мәліметтеріне сәйкес, «оның біреуінің 28 жеке көлігі, екіншісінің 15 көлігі бар». «Үшіншісінің екі пәтері бар, оның атына рәсімделген тағы бірнеше жер телімі бар», — деді прокурор.

Прокуратураның ақпаратына сәйкес, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері жәрдемақы алушылар туралы ақпаратты тексермегендіктен, салғырттық танытқандары үшін әкімшілік түрде жазаланды.

«Осы жылдары олар (бөлім қызметкерлері – ҚазТАГ) осы 51 отбасыға 3 млн 825 мыңның жәрдемақысын төлеген. Адамдар бұл соманың жартысын қайтарды, біз ақшаның бәрі бюджетке қайтарылуын бақылайтын боламыз», — деді Б. Жұбаев.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, тағы 11 адам осындай әдіспен атаулы әлеуметтік көмек алып отырған, оларға жасалған төлемдердің жалпы сомасы Т726 мыңды құрады.

«Егер біз қылмыстың құрамын дәлелдей алсақ, жәрдемақы алушылардың бәрінің үстінен «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады», — деп атап көрсетті прокурор.

Соңғы жаңалықтар