Жарияланды: 540

Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды

Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Үнқағаздарды таратушы - Шымкенттегі бір Жоғары оқу орнының 5-курс студенті болып шықты. Одан 230-ға жуық үнқағаз тәркіленді. Тұтқындалған күдікті үнқағаздарды өзіне мешіт алдындағы алаңда бейтаныс ер адамның беріп кеткенін, онда жазылған дүниенің мазмұнынан бейхабар екенін жеткізді. Ол барлығы 250 үнқағаз алып, 20-сын таратып үлгергенін мойындады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде "Хизб-ут-Тахрир" ұйымын жақтаушылардың іс-қызметі биылғы көктемнен бастап жандана бастады. Бұған дейін Шымкентте ұйымның үнқағаздарын таратушы бірнеше адам ұсталған болатын, алайда оларға қандайда бір жаза жүктетілген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть