Шымкентте көпір қирап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Шымкентте көпір қирап қалды

Шымкентте көпір қирап қалды

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған көпір құлады. Бадам өзенінің үстімен екі ықшамауданды қосып тұрған жүз метрлік өткел судың екпініне шыдамай қирап қалған.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz


Апат кезінде су құбыры да зақымданыпты. Осының кесірінен 5 мыңнан астам шымкенттік біртәулік сусыз отырды. Дегенмен, қалалық әкімдік көпірді қалпына келтіруге құлықсыз. Темір өткелді кезінде тұрғындар өздері салған екен. Сондықтан жергілікті бюджеттен оған бір тиын да бөлінбейтінін айтады. Тек, күн жылынғанда оны демеуші табылса жөндемекші. Ал, әзірге тұрғындар қираған көпірмен тәуекел деп өтіп жүр.