Соқтығысу кезінде маневрлі тепловоз, 3 бос вагон мен 1 көмір тиелген вагон рельстен шығып кетті. Жапа шеккендер жоқ. «қатты шыққан дыбыстан қорқып, не істерімізді білмей қалдық. Далаға жүгіріп шығып, вагондардың рельстен шығып кеткенін көрдік», — деді жергілікті тұрғын Қанат Ақсейітов.
Алдын ала нұсқа бойынша пойыз өз екпінімен қозғалып кеткен.
Төтенше жағдай пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегені аталып өтілді. ОҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтің айтуынша, ЖІІБ тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.