Мекеме ақпаратына сәйкес, «Мирас» университетінің 4 қабатты ғимаратында 6-сәуірде 3 сағат 32 минутта салтанаттар залында шыққан өрт ғимараттың шатырына қарай ойысып, 506 шаршы метр аумақтағы шатыр бүлінген. Өрт 6 сағат 34 минутта сөндірілді.
Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 167 адамы мен 12 техникасы тартылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті