Жарияланды: 30

Шымкентте оқушылардың жаппай төбелесі: Екі жасөспірім қамауға алынды

Шымкентте оқушылардың жаппай төбелесі: Екі жасөспірім қамауға алынды

 

Шымкентте жаппай төбелес дерегі бойынша екі жасөспірім изоляторға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі ықшамаудандарының бірінде төбелес шыққаны туралы хабар 9 қыркүйекте шамамен 13:50-де хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жанжалдасқан топтарды тынышталдырды. Төбелес кезінде 16 жастағы жасөспірім зардап шеккен. Атысу дерегі расталмады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. "Қылмыс жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған екі бала уақытша ұстау изоляторына жабылды. Полиция басқармасына кәмелетке толмаған 17 оқушы жеткізілді, олардың қатысы бар-жоғы тексеріліп, пышақ, мылтық және травматикалық тапанша тәркіленді. Төбелес өзара келіспеушіліктен шыққаны белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында. Осыған дейін, Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат бір жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ атқаны айтылған еді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты. 11-сынып оқушысының қолына пышақтың ұшы кірген.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін