Шымкентте полиция қызметкері ауыр жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте полиция қызметкері ауыр жарақаттанды

Шымкентте полиция қызметкері ауыр жарақаттанды

Шымкентте полиция қызметкері ауыр жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне полицияның 1-бөлімінің бастығы, подполковник Мұрат Қабденов хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 411
Фото - Caravan.kz

6-қыркүйек күні Шымкент полициясының бірінші бөлімі мүліктік істер бөлімінің бастығы кезекті еңбек демалысы аясында қаладағы кафелердің бірінде отбасымен демалып отырады. Сол кезде кафеге келушілердің бір тобы жаңжал шығарған. Полицей өзін таныстырып, бұзақыларды тәртіпке шақырмақ болады. Алайда бұзақылардың бірі тапанша шығарып оқ жаудыра бастаған. Соның салдарынан бес жерден жарақат алған полиция қызметкері қазір аурухананың реанимация бөлімінде әл үстінде жатыр.

Сараптама қорытындысы көрсеткеніндей, оқ «Макаров » тапаншасынан атылған екен. Қазір атысты ұйымдастырушының аты-жөні анықталып, іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар