Шымкентте полицияның қатарынан екі қызметкері героин сату үстінде қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте полицияның қатарынан екі қызметкері героин сату үстінде қолға түсті

Шымкентте полицияның қатарынан екі қызметкері героин сату үстінде қолға түсті

Шымкент. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы мен ОҚО ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерлерінің арқасында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында героин саудалаған екі полицей тұтқындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Наурыз 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Бұлар бар болғаны екі жыл жұмыс істеген жас лейтенанттар. Олардың бірі — шұғыл уәкілетті, ал екіншісі — Шұғыл басқару орталығында жұмыс істеген. Оларды героин сатып жатқан жерлерінде тұтқындады», — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі подполковник Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта тұтқындалғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер облыстық ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті