Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Шымкенттің қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, танымал трансплантолог, бірінші санатты хирург Абылай Донбай тұтқындалды.

  • 20 Қараша 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz

Ол Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Абылай Донбай 18 қарашада тұтқындалған. Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігеріне Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталуда. 

Тергеу Абылай Донбай бүйректі алу және орнату бойынша заңсыз оталар жасаған деп топшылап отыр. Ол Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарының бүйрегін трансплантация жасап, сол үшін қомақты сыйақы алған деп күдіктелуде. 


Қазіргі уақытта клиникалық аурухананың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторында отыр.

Соңғы жаңалықтар