Әдетте келісі 120 теңгеден аспайтын дақылдың құны қазірдің өзінде екі есеге көтеріліпті. Әрі мұның өзін кез-келген сауда орнынан таба алмайсыз. Себебі, қарақұмық тасымалдайтын Өскемен мен Ресейде ауа-райына байланысты биылғы өнім қар астында қалған. Жергілікті басшылар болса азық-түлік қымбатшылығы оңтүстікте жоқ дейді. Алайда, саудагерлер қазақтың негізгі асы болмаса да қарақұмықтың бағасы өскеніне алаңдаушылық білдіріп жатыр.
Мейірбек Өтежан, сатушы:
-Бағасы 120-130 теңге еді. Біз оны алмай-алмай одан кейін 190-220 теңгеден алып жатырмыз. Бағасы биыл түспейді. 3 жыл бұрын 500 теңге еді қарақұмықтың бағасы. Сол жағдай қайталанаын деп тұр.