Шымкентте Қазақстан журналистерінің VI конгрессі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Қазақстан журналистерінің VI конгрессі ашылды

Шымкентте Қазақстан журналистерінің VI конгрессі ашылды

Шымкент. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте Қазақстан журналистерінің VI конгрессі өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Наурыз 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

Қазақстан журналистерінің VI конгрессі 29-шы наурызға дейін созылады. Бүгін жалпы отырыс өтуде. Отырысқа еліміздің әр өңірінен келген 100-ден аса делегат қатысуда.

Күн тәртібіне баспасөз бен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасы, өңірлік баспасөздің іс-қызметіндегі тауқыметтер, газеттерге жазылу мен жеткізу проблемалары, баспасөз қызметтерінің жұмысы және олардың баспасөзбен байланысы мәселелері шығарылып отыр.

Кейбір делегаттар мен қонақтар өз сөздерінде күтпеген тақырыптарды қозғады. Мәселен, «Нұр» медиахолдингі кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының шымкенттік филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов БАҚ-тардағы сыбайлас жемқорлық мәселесін тілге тиек етті. Оның айтуынша, социологиялық зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейде екенін айқындап отыр.

«Бұған таңданатын дәнеңе жоқ. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа бірінші кезекте билік пен бақылау-қадағалау органдары бейім, ал егер «БАҚ — төртінші билік» деген қанатты сөзді басшылыққа алатын болсақ, онда баспасөз де сыбайлас жемқорлықтың шырмауына іліге алады. Бірақ бұл шырмау көзге көрінбеуі мүмкін», — деді Ө. Мелдеханов.

«Егер БАҚ-тағы сыбайлас жемқорлықтық күшейе түскеніне еліміздегі білім беру жүйесіндегі тоқтаусыз реформалардың «арқасында» оқитындар санының азая түскенін қосатын болсақ, жалпы ахуал жағдайдың мәз емес екенін меңзейді», -деді ол. Қазақстан журналистері одағы басқармаларының төрағасы Сейітқазы Матаев жиналғандарға БАҚ саласындағы либералды заңнамаға лобби жасау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін еске салды.

«Меніңше, бүгін БАҚ туралы біздің заң жобамыз туралы өзіміз үш жылдан бері шеше алмай келе жатқан мәселені көтеруіміз қажет. БАҚ саласындағы либералды заңнама Қазақстанда болуға тиіс. Ел алға жылжи түсуде. Бірақ аталған мәселе түрлі себептермен кейінге шегеріліп келеді. Өздеріңіз білесіздер, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен парламент депутаттары дайындаған соңғы заң жобасы парламентте жатып қалды. Менің білуімше, биыл біз оған қатысты үкіметтің кері қорытындысын алдық. Қазір доп үкіметтің қолында. Егер жаңа заң жобасы шықса, біз оны талқылауға дайынбыз», -деді С. Матаев. Жалпы отырыстан кейін VI конгреске қатысушлар «Айғақ» қоғамдық телеарнасында болады, ал ертең Сарыағаш ауданына барып, онда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап үй салу жұмыстарының салтанатты ашылуына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті