Шымкентте қонақүйден Жапония азаматының денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қонақүйден Жапония азаматының денесі табылды

Шымкентте қонақүйден Жапония азаматының денесі табылды

Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде сейсенбіде, 11 сәуірде Жапония азаматы өлі табылды.

  • 12 Сәуiр 2017
  • 503
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

1948 жылғы ер адам Оңтүстік Қазақстан облысына 10 сәуірде келген. Шетелдік азамат Түркістан мен Отырар қалаларына барып қайтқан. Ал сейсенбіде ол тағы бір экскурсияға бару керек болатын. Алайда Жапония азаматы белгіленген уақытта онда келмеген. Содан гидтер жапон азаматына алаңдап, оны іздестіре бастаған. Алайда оның денесі қонақүйдегі нөмірден табылған, оның денесінде зорлық белгілері болмаған. Туристің неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Жапонияның 1948 жылғы азаматы кенеттен Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде қайтыс болды. Өлімнің себебі әзірше белгісіз. Зорлық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол турист болды", — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.


 

Соңғы жаңалықтар