Шымкентте құрылыс салушылар заңсыз нысандарды бұзу процессін түсіріп жатқан тележурналистерді соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте құрылыс салушылар заңсыз нысандарды бұзу процессін түсіріп жатқан тележурналистерді соққыға жықты

Шымкентте құрылыс салушылар заңсыз нысандарды бұзу процессін түсіріп жатқан тележурналистерді соққыға жықты

ШЫМКЕНТ. 15 - тамыз. Kazakhstan Today. Шымкентте құрылыс салушылар заңсыз нысандарды бұзу процессін түсіріп жатқан тележурналистерді соққыға жықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

Жергілікті «Отырар» телеарнасының қызметкерлерінің хабарлауынша, бейсенбіде түсіру тобы (журналист пен оператор) келешектегі мұсылмандар зиратының аумағындағы заңсыз құрылыс нысандарын бұзуды түсіріп жүрген. Бульдозер құйылған іргетасты бұзып, қиыршық тастарды тегістеп жатқанда құрылыс салушылар тобы, негізінен әйелдер, соның ішінде әкімшілік өкілдері де журналистер мен бақылаушыларға тап берген. Әйелдер тас атқылап, сосын журналист Ринат Хамидуллинді жерге құлатып, тепкінің астына алған.

Құрылысты бұзу процессі полиция келгенше тоқтатылған, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгеннен кейін мұндай шиеленістер байқалмады.

«Бұл жерде жерді басып алуға бағытталған екінші талпыныс. Бірінші басып алу оқиғасы осыдан бір айдай бұрын болған, ол кезде біз келіп, адамдарға түсіндіргенбіз, олар тынышталғандай болып кері қайтқан болатын»,- деп түсіндірді қалалық ғұрып-салт саласы бойынша қызмет көрсету бөлімінің бастығы Фарид Загиров. «Егер қазір тоқтатпаса, онда бұл жердің барлығын басып алып, үйлер салып тастайды, сөйтіп біз де алматының күйін кешеміз»,- деп санайды ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, келешек мұсылмандар зираты Алматы — Ташкент тасжолының бойында орналасқан. Жергілікті билік өкілдері бұл жерден 64 гектар жер бөлген. Өткен жылдан бері 100 млн бюджет қаржысын игеріле бастаған. Қазірде бұл жерде кіретін қақпа салынып, қоршау салу жалғасуда. Бір ай бұрын белгісіз біреулер осы жерді құрылыс салушыларға сатып жатқандығы және зират аумағында жүзге жуық жер телімін белгілеп кей жерлерде құрылыс басталып та кеткені белгілі болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті