Әрқайсысы кемінде 3-4 баладан сатыпты. Еш жерде жұмыс істемейтін келіншектер әр нәрестеден 50 -100 мың теңге аралығында пайда тауып отырған. Қазір, екеуіне қатысты бала сату, жалған құжат жасау және ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге салсақ, өткен аптада ғана прокуратура Шымкенттегі облыстық №1 перинаталды орталықтың екі дәрігері 2012-13 жылдары оннан астам нәрестені сатып жібергенін анықтаған. Қылмыстық топ бұл төртеуімен шектелмейді деп отыр прокурорлар.
Досымхан Әйтішев, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары:
-Бұлар басқа адамдарға, арадағы адамдар басқа адамдармен дәрігермен сөйлескен. Бұл жерде нақты қазір бұл іске қатысты азаматтардың барлығы толық анықталған жоқ.