Шымкентте салынып жатқан ықшам ауданның көшелеріне бауырлас қалалардың атауы беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте салынып жатқан ықшам ауданның көшелеріне бауырлас қалалардың атауы беріледі

Шымкентте салынып жатқан ықшам ауданның көшелеріне бауырлас қалалардың атауы беріледі

Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкентте салынып жатқан "Нұрсәт" ықшам ауданының 7 көшесіне бауырлас қалалардың атауы беріледі. Қалалық мәслихаттың депутаттары бейсенбі күнгі отырыста осындай шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz

Депутаттардың пікірінше, көшелерге қалалардың атауын беру осындағы ономастикалық картаны түрлендіріп, өзара түсіністік пен достықты нығайтуға септігін тигізбек.

Қазіргі жағдаймен Шымкенттің Стивенидж (Ұлыбритания), Измир (Түркия), Могилев (Беларусь), Красетто (Италия), Баинь (Қытай), Паттайя (Таиланд), Ходжент (Тәжікстан) сынды бауырлас қалалары бар.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Жолдасбек Күзеубаевтың хабарлауынша, бауырлас қалалардағы жергілікті билік қалалық мәслихаттың шешімінен хабардар болды. Бұған жауап ретінде бауырлас қалаларда да Шымкенттің атауы пайда болу мүмкіндігіне әкімнің орынбасары сенім білдірді.