Жарияланды: 3700

Шымкентте студенттерді жұмыспен қамту орталығы ашылды

Шымкентте студенттерді жұмыспен қамту орталығы ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің проректоры Нұржан Әлтаев хабарлады.

Орталық Университет түлектерін жұмыспен қамту мақсатымен жұмыс берушілер және студенттер арасында байланыс орнатуды көздейді. Н.Әлтаевтың айтуынша қазірдің өзінде университеттің биылғы 10 шақты түлегі жұмыс тауып алған. Орталық іс-қызметіне жергілікті коммерциялық құрылымдар қызығушылық таныта бастапты. Студенттерді жұмыспен қамту орталығында студенттердің толық тізімдер жинағы жасалады. Қазір түлектер туралы мәлімет базасы дайындалуда. Болашақта ол тізімге 3-4-ші курс студенттері де қамтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін