Шымкентте телефон алып өткісі келген 20 оқушы тестілеуге жіберілмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте телефон алып өткісі келген 20 оқушы тестілеуге жіберілмеді

Шымкентте телефон алып өткісі келген 20 оқушы тестілеуге жіберілмеді

Дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушыны Нұр-Сұлтан қаласында емтиханға жіберген жоқ. Мұндай жағдайға душар болған түлектер 15 шілдеге дейін тест тапсыруға мүмкіндіктері бар.

  • 21 Маусым 2020
  • 93
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгін республика бойынша Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды. Ел бойынша белгіленген 161 пунктің 51 бүгін жұмысын бастады.
Биылғы тестілеудегі ерекшелік әр оқушыға калькулятор қолдануға рұқсат бар. Тек олар оны өздерімен алып кіре алмайды. Аудитория ішінде қажет еткен түлекке беріледі. 

Телеарнаның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында бүгін дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушыны емтиханға жібермеген. Мұндай жағдайға душар болған түлектер 15 шілдеге дейін тест тапсыруға мүмкіндіктері бар екен. Сондай-ақ, індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болды деген 3 оқушы тестілеуге жіберілмеген. Олар денсаулығын әбден тексергеннен кейін, яғни ПТР-ден өткен соң емтиханға кіреді. Сондай-ақ, Шымкент қаласында өзімен телефон алып өткісі келген 20 оқушы тестілеуге жіберілмеді. 

Оқушылар емтиханда 4 сағат отырады. Ата-аналар тестілеуді онлайн қарауға мүмкіндік алған. Арнайы сайтқа кіріп, әркім өз баласын бақылап отуға болады. Сондай-ақ оқушылар аудитория ішінде әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға міндетті. Бір бөлмеде 18-20-ғана түлек отыра алады. Білім министрі Асхат Аймағамбетов биыл оқушылар жоғары көрсеткіш көрсетеді деп үміт күтетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар