Шымкентте төрт ер адам саунада көмірқышқыл газынан уланып қалды, бір адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте төрт ер адам саунада көмірқышқыл газынан уланып қалды, бір адам  қайтыс болды

Шымкентте төрт ер адам саунада көмірқышқыл газынан уланып қалды, бір адам қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Шымкентте төрт ер адам саунада көмірқышқыл газынан уланып қалды, олардың біреуі қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық аурухананың токсикология бөлімінің дәрігері Юрий Щерба хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2007
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Кеше кешкі сағат 7-де біздің ауруханаға көмірқышқыл газынан уланған үш адамды жеткізді, бір адам оқиға орнында қаза тапқан»,- деді Ю.Щерба. Оның айтуынша, зардап шеккендерді қаладағы бір саунаның аумағынан жеткізген. Олардың бәрі де Төле би ауданының тұрғындары. 51, 44 және 43 жастағы бұл адамдар бірге саунада демалған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп саналуда.

Қарқынды медициналық көмектен кейін олар бүгін үйлеріне жіберілді.

Дәрігердің пікірінше, зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген жағдайда улану салдары мұндай ауыр болмас еді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті