Жарияланды: 510

Шымкентте төрт мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мекемелері басшыларының кеңесі өтеді

Бүгін, 11-наурызда Шымкентте Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздік органдары басшыларының кеңесі өтеді. Бұл туралы ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Қазақстандық өкілдерді ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев басқарады. Кездесуде заңсыз есірткі айналымы, трансұлттық қылмыс-қайшылықтар, діни экстремизммен күрес мәселелері талқыланады. Кеңес қорытындысы бойынша мекемеаралық ықпалдастықты нығайту және өзара сараптамалық материалдар алмасу турасындағы тұрақты жұмыс тобы құрылады деп күтілуде. Осындай алғашқы кездесу 2002-жылдың сәуір айында Шымкентте өткен. Оған Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан республикаларының ұлттық қауіпсіздік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін