Туға қоқыс салып жатқан көше тазалаушылардың фотолары ғаламторда маусым айында тараған. Мемлекеттік рәмізге тұрмыстық қалдықтарды буған «Бекасыл сервис» мекемесінің екі жұмысшысы бірден ұсталды. Олар контейнер көк байраққа аударылып қалды, онымен қоқыс тасу ойымызға да келмеді деп ақталған. Олардың уәжіне сенбеген сот 41 жастағы азамат пен 29 жастағы келіншекке 198 мың теңге айыппұл салды.