Шымкентте тумен қоқыс жинағандарды полиция қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тумен қоқыс жинағандарды полиция қолға түсірді

Шымкентте тумен қоқыс жинағандарды полиция қолға түсірді

Шымкенттік жұмысшылар мемлекеттік тумен қоқыс жинап жүр. Қыл-қыбырды көк байраққа салып тасығандардың суреті бүгін әлеуметтік желіге тарап, біраз шу тудырды.

  • 13 Маусым 2015
  • 464
Фото - Caravan.kz

Туды тулақ еткендер осылар. Шымкенттің бір ықшамауданының қоқысын жинайтын «Бек Асыл Сервис» компаниясының жұмысшылары. Айтуларынша, қоқыс тасу ойларында болмаған. Қайта тиісті мекемеге апара жатқанымызда, жолда жоғалтып алдық дейді. Қазір, 49 жастағы қоқыс машинасының жүргізуші мен 41 және 29 жастағы жұмысшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді олардың әрқайсысы миллиондап айыппұл арқалауы мүмкін. Сондай-ақ мемлекеттік рәмізді қоқысқа тастай салған мекеме де іздестіріліп жатыр.

Мейрамбек Сайлаубеков, қоқыс таситын көліктің жүргізушісі:

-Жыртылып жарамай қалған. Мен сыртынан тапсырамын дедім да, кабинаға байлап қойдым. Сол кабина ішінен  жұмысты бітіргенімше ту жоқ. Бұл кісілер ешқандай туға қоқыс жинаған жоқ.