«Қазіргі жағдаймен бес ата-ана әрқайсысына 100 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеп беру жөнінде шағым берді. Заңнамаға сәйкес, дәрігерлердің кінәсін дәлелдеп берген әрбір ата-ана моральдық шығынды өтетіп алуға құқылы», -деді Қ. Бекболова.
Қ. Бекболованың айтуынша, шағым бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті сотқа жауапқа тартылады деп танылды. Шағымдар жауапкердің орналасқан жері бойынша Абай аудандық сотына тапсырылды.
«Денсаулық сақтау департаменті, департаменттің бұрынғы қызметкерлері- жетекшілері мен дәрігерлері жауапкер деп танылды. Олар департаментке бағынған, сол себепті департаментті жауапкер деп тану заңды», — деді Қ. Бекболова.
Адвокаттың хабарлауынша, сот шағымдарды қарауға қабылдап, кеше бірінші отырыс өткізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтыр Шымкентте сот процессі өтіп, онда 21 медицина қызметкері балаларға ауруханада жаппай ВИЧ індетін жұқтыру жөніндегі іс бойынша түрлі мерзімдерге жаза жүктеген болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 140 бала тіркелген. 16 әйелден ВИЧ індеті анықталды. Соның ішінде он бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті