30 жастағы жігітті полицейлер көлік нөмірі жалған болуы мүмкін деген күдікпен ұстаған. Бірақ нөмір емес, жүргізушінің жұмыс орны жалған болып шықты. Күмәнді көлік құжаттарына үңіліп тұрып, жол сақшылары тізгіндегі азаматтың да қаржы полициясында істемейтінін бірден түсінген. Ал «жалған полицейдің» өзі бұлтартпас дәлелмен ұсталса да кінәсін мойындайтын түрі жоқ.