Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртенді

Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимараты өртенді

Шымкентте жаңадан салынып жатқан театр ғимаратынан өрт шықты.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 611
Фото - Caravan.kz


ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлан Темірбаевтың мәліметіне қарағанда, шатырдың 200 шаршы метрге жуығы жанып кетті.

«Шатырдың жалпы аумағы 800 шаршы метр, соның 200 шаршы метріне зақым келген. Өрт түскі сағат 12.56 шамасында ауыздықталды», — деді Н.Темірбаев.

Қызыл жалынды жоюға 17 техника мен 38 адам жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, ол дәнекерлеу жұмыстары кезінде туындаған. Айта кету керек, жұмысшылар әуелі өртті өздері сөндірмек болған, содан кейін ғана құтқарушыларды шақырды.