Шымкентте жарылыс болып 23 жастағы жігіттің аяғын жұлып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жарылыс болып 23 жастағы жігіттің аяғын жұлып кетті

Шымкентте жарылыс болып 23 жастағы жігіттің аяғын жұлып кетті

Шымкент іргесіндегі Чапаевка елді-мекенінде тағы жарылыс. Бұл жолы бір адам ауыр жараланды. Естеріңізде болса, 12 мәрте жарылыс ұйымдастырған 3 азамат он күн бұрын ғана ұзақ мерзімге абақтыға жабылған еді. Енді қастандық қайталанбайды деп алаңсыз отырған шымкенттіктер аяқ асты тағы дүрлікті.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Жарылғыш пакетті қойған азамат бұл жолғысын да бұрынғы сценарий бойынша жасапты. Яғни, оны есіктің алдына көміп кеткен. Бұрынғы жарылыстардан айырмашылығы бұл жолы қаскөй есік алдындағы камераға түсіп қалған. Бет-ауызын бүркеп алған оның кім екені әлі белгісіз. Бейнетаспаның өзін полицейлер алып кетіпті. Ал, пакетті басып кеткен 23 жастағы жігіт аяғынан айырылып, ауруханаға түскен. 


Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Науқастың оң табанының жартысы жоқ. Жарадан қан кеткен. Операция сол бірінші хирургиялық сұрыпталу жасалып, қан тоқтатылып қазіргі таңда жарақаттану бөлмесінде ем қабылдауда. Оң аяғынана түбегейлі айрылды деуге болады.