Оқиға 1 маусым күні болған. Тұрғындардың бірі полицияға қоңырау шалып, Қонаев даңғылындағы көпірден бір қыздың секірейін деп тұрғанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу Шымкент ІІБ жол-патрульдік экипажы келіп жеткен.
«Біз көпірдің шетінде қыз телефонмен сөйлесіп тұрғанын аңғардық», — деді жол-патрульдік полицияның сержанты Арсен Ахметов.
Қыздың телефонмен сөйлесіп тұрғанын пайдаланған тәртіп сақшылары байқатпай келіп, оны ұстап алған. «Жедел жәрдем» келгенге дейін ол басын бүркеген күйі жерден тұрмады. Дәрігерлер қызды ауруханаға алып кетті.
Оның не себепті мұндай қатерлі қадамға бармақ болғаны әзірге анықталған жоқ. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
