Шымкентте жаяу жүргіншіні мерт қылып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жаяу жүргіншіні мерт қылып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Шымкентте жаяу жүргіншіні мерт қылып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Шымкент қаласында полицейлер жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған 20 жастағы жүргізушіні құрықтады, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

  • 20 Қараша 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz


«15 қараша күні таңертеңгі уақытта Шымкент қаласы Ынтымақ шағынауданында жаяу жүргіншіні соғып кеткені бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға орын алған жерге жедел түрде жеткен тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер жолынан өтіп келе жатқан азаматты белгісіз автокөліктің соғып кеткенін анықтады. Жаяу жүргінші, 1980 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны алған ауыр дене жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. 
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіні құрықтады. Ол 1995 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабымен, яғни 345-бап «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы», 347-бап «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» қылмыстық іс қозғалды. «Опель-Вектра» автокөлігі ақылы айыптұраққа орналастырылды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар