«Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс біріктіріліп, тергеу жұмысымен Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі айналысқан болатын. Ғалым Жұмжаевқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану қылмысын қарастыратын 307-бабы бойынша айып тағылған»,- деп хабарлады журналистерге Отүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы департаментінің тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Мүсірәлиев. Ол, қазіргі уақытта материалдар облыстық прокуратураның қарауында жатқандығын түсіндіріп өтті. «Егер қадағалау органы қарсылық танытпаса, іс сотқа жіберіледі»,- деп қосты ол.
Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Асқар Бектенов агенттік тілшісіне Ғалым Жұмжаевке қатысты іс дәлелдеме базасының жеткіліктілігі жөніндегі мәселе бойынша облыстық прокуратурада жатқандығын растады. «Іс жуықта, шамамен келесі аптада сотқа жіберіледі»,- деді баспасөз хатшысы.
Бұрын хабарлағанымыздай, облыс орталығының бұрынғы әкімі жер телімдеріне байланысты қитұрқылықтарға қатысты айыпталған болатын. Ғалым Жұмжаев 2005 жылы бір күн ішінде бір нөмірмен екі шешім шығарып, бір жағдайда 52 азаматқа жер телімін бөлсе, келесісімен жүзден астам жер телімін бөлген. Бұрынғы әкім сондай-ақ тіптен жер телімін алуға өтініш бермеген он бір азаматқа жеке баспана тұрғызуға арналған жер телімін берген.
Ғ. Жұмжаев облыс орталығының әкімі лауазымында 2002 жылдың қазанынан 2006 жылдың ақпанына дейін қызмет атқарған. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Ол бұл лауазымда өткен жылдың күзіне дейін қызмет атқарып, облыс әкіміне Өмірзақ Шүкеев тағайындалғаннан кейін қызметінен босатылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті