Шымкентте жоғалған сәбиін тапқан ата-ана қуаныштан жылап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жоғалған сәбиін тапқан ата-ана қуаныштан жылап жіберді

Шымкентте жоғалған сәбиін тапқан ата-ана қуаныштан жылап жіберді

Шымкентте айдың күннің аманында бала ұрланды. Белгісіз біреулер үйге терезеден еніп, анасының қойнында жатқан 8 айлық шақалақты көтеріп кеткен. Таңғы сағат 4-тер шамасында сәбиін жоғалтқанын білген отбасы полицияға шағым түсіріпті.

  • 22 Қазан 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz


Баланы полицейлермен қоса, көрші-қолаң жабылып іздеген. Күдікті көліктер тоқтатылып түгел тексерілді. Іздеу жұмыстарына тіпті иісшіл иттерді де тартқан. Көп ұзамай жоғалған бүлдіршін үйден 100 метр жердегі бітпеген құрылыс нысандарының бірінен табылды. Иттер ізді анықтап, ұрының артынан түскенімен 300 метрден соң ізді жоғалтып алыпты. Сондықтан, нәрестені кім, не мақсатта ұрлағаны белгісіз. Ал, сәбиімен қайта қауышқан ата-анасы қуаныштан тіпті жылап та жіберді.