Шымкентте жұмыстан босату туралы өтініш берген медицина қызметкерлері әзірге жұмыс орындарын тастап кеткен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жұмыстан босату туралы өтініш берген медицина қызметкерлері әзірге жұмыс орындарын тастап кеткен жоқ

Шымкентте жұмыстан босату туралы өтініш берген медицина қызметкерлері әзірге жұмыс орындарын тастап кеткен жоқ

ШЫМКЕНТ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкентте жұмыстан босату туралы өтініш берген медицина қызметкерлері әзірге жұмыс орындарын тастап кеткен жоқ. Бұл туралы журналистерге облыстың тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары кеңесінің төрайымы Лариса Харькова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Тамыз 2007
  • 1544
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы іске қатысты сотталған дәрігерлерге шығарылған сот үкіміне наразылық ретінде жұмыстан босату туралы өтініш жазған отыздан астам медицина қызметкері әзірге өздерінің жұмыс орындарында отыр. «Көбісінің өтініш бергеннен кейінгі бір айлық мерзімдері өтіп кетті, бірақ біз олардың жұмыс орындарын тастап кетпеулері үшін олармен сөйлесіп отырмыз. Олар апелляциялық алқа шығаратын шешімді күтуге келісті»,- деп хабарлады Лариса Харькова. Журналистердің егер үкім сол қалпында қалса, медиктер қандай қадамға барады деген сұрақтарына, Лариса Харькова «онда олардың барлығы жұмыстан шығады», деп жауап берді.

Бұрын хабарлағанымыздай, 39 медицина қызметкері, соның ішінде барлығы 19 балаларға арналған жан сақтау бөлімдерінің 15 қызметкері өздерінің әріптестерін әділетсіз соттады деп санау және де өздерінің тағдырларына алаңдаушылық танытуға байланысты жұмыстан босату туралы өтініш берген болатын.

Бүгін күннің екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының алқасы балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы істе сотталған 15 дәрігердің апелляциялық шағымдарын қарау бойынша шешім қабылдауға тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті