Жарияланды: 80

Шымкенттегі қан жоса атыс: оқиғаның тағы бір видеосы желіде тарап кетті

Шымкенттегі қан жоса атыс: оқиғаның тағы бір видеосы желіде тарап кетті

29 қазан күні Шымкенттегі дәмханалардың бірінде оқ атып, адам өлтірген қаскөйлер әлі бостандықта жүр

Шымкент полицейлері оқиға орнындағы видеоны желіде таратқан адамдарды іздеп жатыр. Оқиға орнында жұмыс істеген криминалистердің жұмысы да видеоға түсіп қалған.

Видео атыстан кейін түсірілген. Полиция бұл видеоны кім түсіргенін білмейтінін айтты. Оның авторы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Видеоның әлеуметтік желіде таралып кетуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды", - деді Шымкент полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының жетекшісі Әсел Сәденова.

Шымкенттегі атыс

Оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Арғынбеков көшесіндегі дәмханада болды. Куәгерлердің айтуынша, екі адам оқ атқан.

Облыстық прокуратура оқиға салдарынан бір адам көз жұмғанын хабарлады.

Полиция зардап шеккендер мен оқ атқан адамдардың бір-бірімен таныстығын анықтап жатыр. Тергеушілер қаруды сараптамаға жіберді. Қаскөйлер оны оқиға орнынан 300 метр жерде лақтырып кеткен.

Іс екі бап бойынша тергеліп жатыр: адам өлтіру және заңсыз қару сақтау.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін