Шымкенттегі телестудияға жіберілген ұнтақ қауіпсіз болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі телестудияға жіберілген ұнтақ қауіпсіз болып шықты

Шымкенттегі телестудияға жіберілген ұнтақ қауіпсіз болып шықты

Шымкенттегі "31 телеарнаға" жіберілген ұнтақ қауіпсіз зат болып шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас дәрігері Жұмағұл Медетов хабарлады.

  • 9 Наурыз 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4-наурызда кешкі сағат 6-да белгісіз бір әйел телестудияға сыртында «Хизб-ут-Тахрир» деген жазуы бар конверт әкеліп берген. Конверт телеарнаның жарнама бөліміндегілердің қолына тисе керек. Бөлім қызметкерлері оны аталмыш тақырыппен айналысып жүрген тілшіге жіберілген хат деп ойлаған. Конверт жабылмағандықтан, оны ашып жіберген бөлім қызметкерлерінің бірі ұнтақты көреді. Осыдан кейін конвертті далаға лақтырып жіберген әлгілер болған оқиға туралы полицияға хабарлаған.

Оқыс оқиға орнына полицейлер, санитарлық дәрігерлер, ҰҚК департаментінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың құтқарушы отрядының жауынгерлері келіп жетеді. Конверт алынып, студияда санитарлық шаралар жүзеге асырылып, конвертті ұстаған екі қызметкер жұқпалы ауралар ауруханасына жөнелтілді.
Ертеңінде, 5-наурызда Оңтүстік Қазақстан облыстық СЭС №46 мектептің еденінде ақ ұнтақ шашылып жатқаны туралы тағы бір хабарлама алды. Жұқпалы ауру түрлерімен айналысушы дәрігерлер ұнтақты сараптамаға алып, мектепте тазалық шаралары жүргізілді.
Ж.Медетовтың айтуынша, телестудия мен мектептен алынған ұнтақтар сараптамасы олардың құрамында химиялық немесе бактериологиялық сипаттағы қауіпті заттардың жоқтығын айғақтап отыр.

Соңғы жаңалықтар