Шымкенттен Алматыға қатынайтын жолаушылар автобусы трассадан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттен Алматыға қатынайтын жолаушылар автобусы трассадан құлап кетті

Шымкенттен Алматыға қатынайтын жолаушылар автобусы трассадан құлап кетті

Екі адам қаза тауып, он адам ауруханаға жатқызылған

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 154
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында Ұзынағаш ауылына жақын жерде жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Таңғы сағат 8-де Алматы-Бішкек автожолының 62-ші километрінде жол апаты болды. ІІД-не түскен мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан. Ұзынағаш ауылындағы аудандық ауруханаға он адам жеткізілген, олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр", — деп мәлімет берді полиция.

ІІЖ мәліметінше, Шымкенттен Алматыға аттанған автобуста 43 адам болған. Бастапқы болжам бойынша, 41-жастағы жүргізуші көктайғақ салдарынан рөлге ие болмай, автобус трассадан құлап кеткен.


Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар