«Облыс басшысының бастамасымен «жасыл қоршаудың» іргесі қалана бастады»,- деді Б.Баймұратов. «Бұрын қаланың сыртында мұндай жасыл қоршау болған жоқ»,- деді ол.
Оның айтуынша, биыл қаланың солтүстік және батыс шекараларында ағаштар отырғызыла бастайды. «Бұл жерде 18 шақырым жерде 80 мың көшет отырғызу межеленген»,- деді Б.Баймұратов. Онда күй талғамайтын ағаштар отырғызылады. Екі аптаның ішінде алты қатардан үш орманды жолақ отырғызу межеленген, деді ол.
Шенеуніктің хабарлауынша, ағаш отырғызу жұмыстарымен Бадам орман шаруашылығы мен ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ, студенттер ай айналысады. Табиғи ресурстар департаменті техника бөлуде.
Б.Баймұратовтың айтуынша, қаланы айнала басқа бағыттарда да болашақта жасыл желекті қоршау тұрғызылмақ. Қазір жер комитетінің қызметкерлері жасыл аймақтың орнын тағайындауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті