— Мынана қайдан алдыңыз?
— Тауып алдым.
— Қайдан?
— «Эви» маңынан.
— Қашан?
— Бір сағат бұрын.
— Неге полицияға хабар бермедіңіз?
— Сол жаққа бара жатқанмын.
Қару спорттық үлгідегі сөмкеге салынған екен. Жанынан тәртіп сақшылары автомат оқтарын да тапты. Күдікті бұл қаруды тауып алғанын айтады. Тіпті оны полицияға да апара жатқан екен. Бірақ, жолда қарны ашып, тамақтануға кірген. Батылдық үшін ащы судан да татып алыпты. Осы оқиға бойынша «заңсыз қару сақтау және алып жүру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.