Шымкенттік торттан шабыт алған павлодарлықтар ауыл көрінісі бейнеленген торт әзірлемек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік торттан шабыт алған павлодарлықтар ауыл көрінісі бейнеленген торт әзірлемек

Шымкенттік торттан шабыт алған павлодарлықтар ауыл көрінісі бейнеленген торт әзірлемек

Шымкенттегі тойда 4,2 метрлік торт қонақтарды таңғалдырған болатын

  • 15 Қаңтар 2018
  • 1052
Фото - Caravan.kz

Павлодарское ауылының кондитерлері салмағы 40 келі, биіктігі 1,5 метр торт әзірлемек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Ауыл көрінісі бейнеленген кондитерлік өнім  жуырда ашылған шаңғы базасында 18 ақпан масленица мерекесінде таныстырылады. Павлодарское ауылының әкімі Аждар Жүсіповтің айтуынша,  торттың бағасы шымкенттік тортпен салыстырғанда арзанырақ – 60 мың теңге. Барлық шығынды ауыл әкімдігі тапқан демеушілер жабады. Торттан  ауылдың барлық тұрғындары мен қонақтары дәм тата алады. 

"Бұл торт шымкенттікке ұқсайды, дегенмен біздің тортты толығымен жеуге келеді, — дейді ол. – Мерекелік тәттіні дайындауға 10 жылдық тәжірибесі бар ауыл тұрғындары жұмылдырылады. Павлодар ауылының  көрікті орындары жергілікті әкімдікпен таңдалады. Шараға ауыл тұрғыны Ольга Гуляева жетекшілік етеді. Әзірге ол үйде торт пісіреді. Әкімдік  жалға алу үшін ғимарат іздестіруде. Осы жерде  кәсіпкерге Павлодар ауылының эксклюзивті торттарын шығаратын цех ашуға болатын еді".   

Еске сала кетейік, қазнет  қолданушыларын таң қалдырған сарай түріндегі тортты ресейлік шеберлер командасы дайындаған. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде кондитерлік өнер бойынша Ресей чемпионы Ренат Агзамов жазған. Шымкенттік тойға арналған торттың диаметрі – үш метр, биіктігі – 4,2 метр. Әлеуметтік желі қолданушыларының пайымдауынша, бұл тәттінің болжамдық құны шамамен 180 мың доллар. 


 

Соңғы жаңалықтар