Шыңжанда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 100 мың адамға жақындады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңжанда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 100 мың адамға жақындады

Шыңжанда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 100 мың адамға жақындады

Алматы. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шыңжанда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 100 мың адамға жақындады, деп хабарлайды агенттік Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 26 Наурыз 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағы азаматтық әкімшілігі басқармасынан хабарлауынша, 24 наурыз күнгі жағдаймен Хотан округінде 21 наурызда болған қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7,3 балл жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 97603 адамды құрады, тұрғын үйлердің басым бөлігі қирады, тікелей экономикалық шығын көлемі 114 млн юаньға ($1 = 7,04 юань) жетті.

Сейсмолог мамандардың мәліметінше, 24 наурыздағы жағдаймен жер сілкінісі аймағында тағы 889 жер асты дүмпулері, соның ішінде қуаты 5 балдан асқан 4, қуаты 4-4,9 балл аралығындағы 68 дүмпу тіркелді. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. Зардап шеккендерге шатыр, ұн, киім-кешек және дәрі-дәрмек түрінде көмек көрсетілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті