ШЫҰ аясында еркін сауда аймағы құрылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ аясында еркін сауда аймағы құрылуы мүмкін

ШЫҰ аясында еркін сауда аймағы құрылуы мүмкін

Болашақта Шанхай ынтымақтастық ұйымының еркін сауда аймағын құрылуы  мүмкін.

  • 9 Маусым 2017
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ұйымымыз аясындағы экономикалық кооперацияларды ілгерілету мәселелеріне айрықша назар аудару маңызды. Ол үшін жаңа институттық мүмкіншіліктер құрылуда.

Біріншіден, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкіметтерінің арасында халықаралық автомобиль тасымалы үшін жайлы жағдай жасау туралы келісім күшіне енді. Біздің елдеріміздің транзиттік-көліктік әлеуетін ашу да әзірленіп жатқан ШЫҰ жолдарын дамыту бағдарламасына септігін тигізетін болады», — деді Елбасы.  

Екіншіден, Қазақстан Президенті ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеу жобаларын түйіндестіруді ескере келе өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегінің зор боларына сенімді екендігін айтты. Бұл ретте Қазақстанда «Нұрлы жол» ұлттық бағдарламасы мен Жібек жолы экономикалық белдеуін түйіндестірудегі ынтымақтастық жоспарының қарқынды жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

«Үшіншіден, өзара сауда көлемінің артуы болашақта ШЫҰ-ның еркі сауда аймағын құруға септігін тигізе алады. Бұл жерде біздің елдеріміз экономикалық өзара іс-қимыл саласындағы өздерін қызықтыратын жобаларды зерделеуді бастау арқылы кезең-кезеңімен ілгерілей алады. Мұнан бөлек, біздің қызметіміздің маңызды векторы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саналады. Бұл тұрғыда ШЫҰ университетін құру және жұмысын жолға қою туралы келісімге қол қоюды қолдаймыз», — деді ҚР Президенті.


Мұнан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2017-2018 жылдарға арналған туризм саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын ұйымдастырудағы бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдау аталған саладағы өзара іс-қимылға тың серпін беретіндігін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар