Жарияланды: 550

ШЫҰ дамуының екінші онжылдығында ынтымақтастықтың даму қарқынын сақтау керек

Транспаренттілік, ашықтық және сындарлық - Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі ұстанымдары.

Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде өткен баспасөз мәслихаты кезінде ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Чэн Гопин мәлім етті. Қытай дипломатының айтуынша, Ұйым дамуының маңызды себебі ШЫҰ құрылған сәттен бастап төрт бақылаушы елді, диалог бойынша әріптес екі елді бекітіп, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуы болып табылады. Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығына тоқталған ол қазіргі таңда қытай тарапы ұйымның келесі жылдарға арналған жұмыс жоспары мен іс-шаралар бағдарламасын әзірлеп, оны ұйымға мүше басқа мемлекеттермен келісу жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді. «Біз ШЫҰ-ға мүше елдердің арасындағы өзара іс-қимыл орнату дәрежесі мен сапасын арттыру, сындарлық пен өзара сенімді нығайту, аймақтық қауіпсіздіктің сақталуына күш салу, экономикалық ынтымақтастықты дамытып, гуманитарлық байланыстарды кеңейту керек деген ортақ пікірдеміз. Бір сөзбен айтқанда, ШЫҰ дамуының екінші онжылдығында ынтымақтастықтың даму қарқынын, тұрақтылық пен ұйымға мүше мемлекеттердің гүлденуіне көмектесу қарқынын сақтауға ұмтылатын боламыз», - деп атап өтті қытай дипломаты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін