Кездесу барысында ШЫҰ елдері басшылар кеңесінің отырысын 2013 жылы Қырғызстанда өткізуге, ШЫҰ Хатшылығы қызметкерлерін кадрлық ауыстыру, Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне сыртқы аудит жүргізу, Түркияға ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесін беру туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды.
Қазақстан делегациясын ШЫҰ қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші, СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев басқарды.