ШЫҰ саммитінде терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрес мәселелері талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ саммитінде терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрес мәселелері талқыланады

ШЫҰ саммитінде терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрес мәселелері талқыланады

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібіндегі басымдық мәселелердің бірі болмақ,

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 589
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров.

"Әсіресе, Ауғанстандағы жағдай қиындап отырған кезеңде аймақтық қауіпсіздікті нығайту, терроризм, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлесіп күресу мүмкіндіктерін арттыра түсу- басты міндеттердің бірі болып табылады", деді ол сәрсенбіде "Российская газетада" жарық көрген мақаласында.

С. Лавров атап өткендей, ШЫҰ Аймақтық терррорға қарсы құрылымын күшейту көзделген.

Министр еске салып өткендей, ШЫҰ қызметі әскери одақ құруды көздемейді.


"Сонымен қатар, оның негізгі қағидаларының бірі –ұйымға қатысушы елдердің мүдделеріне қарсы бағытталған іс-қимылдарға жол бермеу", деді министр.

Алдында хабарланғандай, 11-12 қыркүйек күндері Душанбеде ШЫҰ саммиті өтеді.