СІМ АҚШ-та қаза тапқан отандасымыздың мәйітін елге жеткізуге кететін шығынды өтеп береді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ АҚШ-та қаза тапқан отандасымыздың мәйітін елге жеткізуге кететін шығынды өтеп береді

СІМ АҚШ-та қаза тапқан отандасымыздың мәйітін елге жеткізуге кететін шығынды өтеп береді

 Қыркүйек айының орта шенінде АҚШ-та жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.
           «25-қыркүйекте Чикагодағы медицина орталығында жатқан Қазақстан азаматы Талғат Орынбаев көз жұмды. Жоғары жылдамдықпен жүретін тас жолда BMW автокөлігінің астына түскен Т.Орынбаев ауруханаға 14-қыркүйекте түскен болатын. Көлікті 53 жастағы АҚШ азаматы Дэвид Сэмс басқарып келе жатқан», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.
           Ж.Үсеновтың айтуынша, Д.Сэмс дереу «жедел жәрдем» шақырғанымен ауыр жарақат жерлесімізді өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік бермепті.
           Қазір ІІМ ата-анасының сұрауы бойынша Т.Орынбаевтың мәйітін елге жеткізуге көмектесіп жатыр.
           «Мәйіті Астанаға 1-қазанда жөнелтіледі», - деді Ж.Үсенов.
           Оның айтуынша, АҚШ-тағы қазақ диаспорасы марқұмның отбасына 16 мың доллар жинап беріпті.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 530
Фото - Caravan.kz

 Қыркүйек айының орта шенінде АҚШ-та жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлім етті.


           «25-қыркүйекте Чикагодағы медицина орталығында жатқан Қазақстан азаматы Талғат Орынбаев көз жұмды. Жоғары жылдамдықпен жүретін тас жолда BMW автокөлігінің астына түскен Т.Орынбаев ауруханаға 14-қыркүйекте түскен болатын. Көлікті 53 жастағы АҚШ азаматы Дэвид Сэмс басқарып келе жатқан», — деді ол дүйсенбідегі брифингте.
           Ж.Үсеновтың айтуынша, Д.Сэмс дереу «жедел жәрдем» шақырғанымен ауыр жарақат жерлесімізді өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік бермепті.
           Қазір ІІМ ата-анасының сұрауы бойынша Т.Орынбаевтың мәйітін елге жеткізуге көмектесіп жатыр.
           «Мәйіті Астанаға 1-қазанда жөнелтіледі», — деді Ж.Үсенов.
           Оның айтуынша, АҚШ-тағы қазақ диаспорасы марқұмның отбасына 16 мың доллар жинап беріпті.